413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Панфиловшы-ардагер Президенттен хат алды

  • 332
  • UPD: 12:45, 27.02.2020
Панфиловшы-ардагер Президенттен хат алды

Панфиловшы-ардагер Қайырлы Жоңқабаев Мемлекет басшысынан хат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

99 жастағы майдангер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің өмірі мен жауынгерлік ерлігі туралы хат жазған. Панфилов дивизиясының пулеметшісі жеңістің 75 жылдығына арналған естелік эстафетасына алғыс айтты. Мемлекет басшысы да ақсақалға өзінің құрметін білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізген. Қайырлы Жоңқабаев Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада жауға қарсы соғысқан. Беларусьті, Польшаны, Эстонияны жаудан азат етуге атсалысқан. Ал Жеңісті Дрезденде қарсы алыпты.

Қайырлы Жоңқабаев, соғыс ардагері:

Жиырма жасымда Мәскеудің түбінде Волоколамск шоссесінде болдым. Мына Сегізінші Гвардейский Панфиловский девизияда 4 жыл жүрдім. Соғыстың басынан аяғына шейін. Президентіміздің көңіл бөліп, осындай хат жазып жібергеніне көп рақмет. Ал енді Президентке денсаулық, жақсылық, тыныштық, бірлік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы