420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда ҚХА-ның 25 жылдығына арналған көрме ашылды

  • 539
  • UPD: 09:27, 27.02.2020
Петропавлда ҚХА-ның 25 жылдығына арналған көрме ашылды

«Достық. Елдік. Мәңгілік». Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған арнайы көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 70-тен астам жәдігер қойылған. Басым бөлігі құнды құжаттардың көшірмелері. Сондай-ақ мұнда татулық пен достықтың тұғырына айналған институттың ширек ғасырда атқарған жұмыстарын айқындайтын фотосуреттермен бірнеше ұлттың қолданбалы өнер бұйымдарын кездестіруге болады. Ұлттық киімдер тағы бар. Ал, шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – ассамблеяның тарихын ашу. Аталған көрме шілде айына дейін  жалғасады.

Сәбира Жүнісова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

- Неміс халықтарының әндер жинағы бар. 1930 жылы жазылған. Оның ерекшелігі – готикалық жазумен жазылған, осы көрмеден көруге болады. Музыкалық аспаптар. Мысалы кемамча Әзірбайжан халықтарының кемамча, татар халықтарының гармоні. Және басқа ұлт өкілдерімен қатар қазақ халқының ерекше көне заттарын осы көрмеден көруге болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы