476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

12 мың отандасымыз Оңтүстік Кореяда заңсыз жүр

  • 584
  • UPD: 13:31, 27.02.2020
12 мың отандасымыз Оңтүстік Кореяда заңсыз жүр

Оңтүстік Кореяда 12 мың отандасымыз заңсыз жүр.

Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оның сөзінше, қазір таңсамалы елінде 35 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар. Солардың тек 848-і ғана елшілік тіркеуінде. Қалғаны елдің қай аумағында жүргені белгісіз. Осы ретте коронавирус Оңтүстік Корея елінде де кең таралып жатқанын ескерсек, отандастарымызға қауіп төнуі әбден мүмкін. Сондықтан ведомство қызметкерлері қазақстандықтарды тезірек елге қайтуға шақырып отыр. Өйткені жақын уақытта Оңтүстік Кореяға қатынайтын әуе рейстері күрт қысқартылмақ

Хабар 24 телеарнасы