412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда мектепаралық волонтерлер форумы өтті

  • 178
  • UPD: 15:12, 27.02.2020
Павлодарда мектепаралық волонтерлер форумы өтті

Оған 500-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форум аясында жеткіншектердің көптеген жобалары таныстырылды. Жалпы Ертіс өңірінде мыңнан астам жастың басын қосқан он шақты волонтерлер ұйымы жұмыс істейді. Олардың қатарын енді мектеп оқушыларынан құрылған жаңа 30 клуб толтырып отыр. Оқушыларға «Мейірімділер клубы», «Іздестіру жасағы» және «Орман қорғау қызметі» сынды ұйымдар жол сілтейтін болады. «Өз елінің волонтерлері» форумына қатысушылар балалар арасында волонтерлікті кеңінен насихаттау турасында сөз қозғады. Биылдан бастып жастардың жобалары жеті бағытқа топтасады. Мәселен, Павлодардағы №24 мектептің мұғалімі Тимур Ульянов табиғатты қорғауға үлес қоспақ.

Тимур Ульянов, №24 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

- Мен өзім жас маман ретінде «Тимур және оның  командасы» деген клуб ашып жатырмын. Мақсатымтабиғатты аялау. Жас өсімдіктерді, ағаштарды отырғызу, оны баптау, күту. Сол ретте 25 оқушым тіркеліп жатыр және де 30 маман әртүрлі бағытты алды.

Нұргүл Рахымғожина, №24 мектептің директоры:

- Сән салонынан басталып, сұлулық студиясымен аяқталады. Біздің оқушыларымызға волонтерлік қозғалыстың барлық бағыттары ұсынылды. Қазір 500 оқушы қызығушылық танытты. Біз оларды қосымша біліммен қамтамасыз етеміз. Ол тегін болады. Волонтерлер жылы аясында сенбі күндері клубтар жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы