420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өткен тәулікте елордада 74 жол-көлік оқиғасы тіркелді

  • 455
  • UPD: 16:05, 27.02.2020

Елордадағы қатты жел мен көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңертең Қарағанды тас жолы бойында «Камаз» автосы жаяу жүргіншілер жолында бір адамды қағып кеткен. Қатты жарақат алған жүргінші сол жерде қаза тапты. Қайғылы жағдай «Кеңмарт» сауда үйінің маңында тіркелді. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Қалалық полиция департаменті қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілерге сақ болуды ескертеді. Әсіресе, мектеп, балабақша маңында, жаяу жүргіншілер жолында жылдамдыққа мән берген дұрыс. Көлік иелерінен бөлек, тұрғындар да абай болып, полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністік танытқаны жөн. Өткен тәулікте елордада 74 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Бүгін 27 ақпанда 10:04-те «Камаз» көлігінің жүргізушісі Қарағанды тас жолымен келе жатып, «Кеңмарт» сауда үйіне жетпей, көлікті тоқтатпақ болған азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1969 жылы туған азамат қайтыс болды. Анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы