414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жолда қалған 200 жолаушы құтқарылды

  • 169
  • UPD: 16:06, 27.02.2020

Ауа райының күрт бұзылуынан Ақтөбе облысының бірқатар бағытындағы жолдарда құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде қар құрсауында қалған 200-ге жуық жолаушы жылыту пункттері мен Хромтау, Мәртөк және Әйтеке би аудандарындағы бірнеше ауылдарға орналастырылды. Күннің күрт суытатыны туралы хабарлама кеше кешкісін таратылған болатын. Ал, түн мезгілінде боран соғып, 7 республикалық және бір облыстық маңыздағы жол жабылды. Жолаушыларды құтқару үшін төтенше қызметінен өзге, әскерилер мен жергілікті аудан әкімдіктерінен қосымша топтар жұмылдырылған. Нәтижесінде 45 Тәжікстан азаматы құтқарылды. Олар мінген автобус Қарабұтақ-Қостанай бағытындағы жол жиегіне аударылып түскен. Жолаушылары аман. Жылыту пункттерінде орын болмаған соң, олар ауылдардың біріндегі мешітке орналастырылған.

Нұрлыбек Айжарықов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

- Қазіргі таңда екі жол жабық түрде қалды. Бұл атап өтсек, Ақтөбе қаласынан Хромтау қаласына дейін және Қарабұтақ елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін. Қазіргі таңда қар тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлі де Хромтау қаласы мен Ақтөбе қаласының арасында қарда қалып қойған көліктер бар.

Хабар 24 телеарнасы