411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус тіркелген елдерден келетін жолаушылар үш санатқа бөлінеді

  • 372
  • UPD: 15:16, 27.02.2020
Коронавирус тіркелген елдерден келетін жолаушылар үш санатқа бөлінеді

Коронавирус тіркелген мемлекеттерден Қазақстанға келетін жолаушылар енді 3 санатқа бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті қаулыға еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойды. Алғашқы санатқа Қытай, Жапония, Италия, Иран, Оңтүстік Корея сияқты жұқпалы індет өршіп тұрған мемлекеттер жатқызылды. Аталған елдерден келген азаматтар 14 күн бойы карантинде болып, өзгелерден оқшау ортада бақыланады. Екінші санаттағы Сингапур, Таиланд және Малайзия сияқты мемлекеттерден келгендер үшін де 2 апталық карантин қарастырылған. Алайда олар бұл кезеңді үйлерінде өткізеді. Айта кетейік, бұл үш елде 10-нан астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліпті. Ал үшінші санаттағы Вьетнам, Германия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Австралия, Ұлыбритания, Франциядан келгендер 10 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Ақ халаттылар олардың жағдайын телефон арқылы біліп отырады. Соңғы санаттағы елдерде коронавирус жұқтыру дерегі оннан аспайды.

Хабар 24 телеарнасы