448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда кәріз жүйесінің жұмысы қалыпқа келтірілді

  • 148
  • UPD: 17:55, 27.02.2020
Көкшетауда кәріз жүйесінің жұмысы қалыпқа келтірілді

Көкшетауда коммуналдық қызметшілер кәріз жүйесінің сорғы станциясында болған апатты жойды.

Қазір тұрғын үйлер аурухана, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандарға толығымен су берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпан күні облыс орталығында диаметрі 800 миллиметр болатын магистральді құбыр әбден ескіріп, жарылған болатын. Оны мамандар үш күн ішінде қалыпқа келтірді. Жөндеу жұмыстары күні-түні жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы