399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мас күйінде көлік жүргізгені үшін алғашқы адамға қатаңдатылған жаза кесілді

  • 245
  • UPD: 19:33, 27.02.2020
Елордада мас күйінде көлік жүргізгені үшін алғашқы адамға қатаңдатылған жаза кесілді

Мас күйінде көлік жүргізген елордалық бас бостандығынан айырылды. Ол осыдан бір ай бұрын ұсталған екен.

Көлігін тоқтатқан полицейлерге қарсылық көрсетіп, қашпақ болған көрінеді. Мұнымен қоса бұған дейін де осылай мас күйде көлік жүргізіп, куәлігінен айырылған. Осының бәрін ескере отырып, Есіл аудандық соты оны 1 жылға соттап, темір тұлпар тізгіндеу құқығынан өмір бойына айырды.

Естеріңізге салайық, жуырда Президенттің пәрменімен қолданыстағы заңға өзгерістер еніп, жаза күшейген. Бұл содан бері Нұр-Сұлтан қаласында тағайындалған алғашқы сот үкімі. 

Ботагөз Баянова, қалалық соттың баспасөз хатшысы:

- Бүгін Есіл аудандық соты мас күйде көлік тізгінін ұстаған жүргізушісі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл қала бойынша қатаңдатылған заң бойынша тағайындалған алғашқы үкім. Елорда тұрғыны бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соңғы рет 2017 жылы мас күйінде көлік басқарғаны үшін куәлігінен 6 жыл мерзімге айырылған. Бүгін соттың үкімімен елорда тұрғыны сотталып, көлік жүргізу құқығын өмір бойына айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы