448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 көктемде бәсеңдеуі тиіс – Қазақстандық ғалым

  • 130
  • UPD: 20:48, 27.02.2020

Әлем жұртын алаңдатып отырған коронавирус көктем айларында бәсеңдей бастауы тиіс. Бұл белгілі дәрігер Алмаз Шарманның пікірі.

Маманның айтуынша, бұл қауіпті инфекция суық және құрғақ ауада тез тарайды. Бірақ сақтықта қорлық жоқ. Қауіпті індеттен қорғану шараларын ұдайы қаперде ұстаған жөн. Ең алдымен халық көп шоғырланған жерлерге мүмкіндігінше аз барып, қолды сабынмен жиі және дұрыс жуу керек. Ғалымның пікірінше, коронавирусқа қарсы вакцина алдағы 3-4 айдың шамасында пайда болу мүмкін. Бірақ ол алдымен жануарларға сыналады.

Алмаз Шарман, ғалым:

- Негізінде қазір коронавирусқа жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына (СПИД), яғни адамның иммунитет тапшылығы вирусына (ВИЧ) қарсы  емге пайдаланатын дәрілер пайдаланады. Бірақ қазір көптеген компания арнайы дәрі-дәрмектерді ойлап тапты. Мысалы, американдық компания ойлап тапқан ремдисивирді айтуға болады. Осының арқасында қазір  біраз адамдар сәтті емделіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы