443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин балық шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өткізді

  • 118
  • UPD: 22:11, 27.02.2020

Атырау облысына іссапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин балық шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Үкімет мүшелерімен қатар еліміздегі балық шаруашылығы қауымдастығының және балық бизнесінің өкілдері қатысты.  Үкімет басшысы  «Балық шаруашылығын жүйелі дамыту үшін,  арнайы тұжырымдама дайындалуы керек» деді.

Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрайды, оның 45 мың тоннасы балық аулау кәсібіне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашылығына тиесілі. Сонымен қатар 30 мың тоннасы экспортқа шығарылса, 43,5 мың тонна өнім импортталады. Қазақстанда балық шаруашылығы қарқынды дамуда — соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе яғни 800 тоннадан 7 мың тоннаға дейін артты. Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, оларда 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. 

Рашиден Халидуллин, Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры:

- 3 жарым млн бекіре шабақтарын шығарып отырмыз. Бұдан басқа артық 100-150 мыңдай табиғат пайдаланушыларға бекіре тұқымдастарын шығарамыз.

Қазақстанда кәсіпшілік балық аулаумен балық шаруашылығының 1 мыңнан астам субъектісі айналысады, оларға 1646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Аталған салада 11 мың адам жұмыс істейді. Балық аулау негізінен Каспий және Арал теңіздерінде, Балқаш және Зайсан көлдерінде, Бұқтырма, Қапшағай және Шардара су қоймаларында, Алакөл көлдер жүйесінде, Жайық және Қиғаш өзендерінде қолға алынған.  Атырауда  балық шаруашылығымен айналысатын 19 өндірістік  кәсіпорын бар. Олар өткен жылы 13 мың тоннадан астам балық аулап, белгіленген лимитті 85 пайызға орындады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Өйткені, Асқар Мамин, жауаптыларға Жайық-Каспий бессейнінде балық аулау мерзімін ұзартуды және түнгі уақытта балық аулауға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Бақытжан Сермениязов, Түркістан облыстық балық кәсіпорнының өкілі:

- балықтар азайып бара жатыр. Қазіргі мәселе оны өсіріп, өңдеу мәселесі боп тұр. Жалпы осы мәселені көтергенде негізі балықты асырау үшін заң керек. Себебі балық аулау, оны асрыу жөнінде нақты заң жоқ.

Балық өнеркәсібі  бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Атырауда өндірілген балық өнімдері сапа көрсеткішінде көш бастап тұр. Жайық, Қиғаш балықшылары өндірген тауардың 80-пайыздан астамы әлемнің 10 мемлекетіне экспортталады. 2019 жылы 9 мың тоннаға жуық балық өнімі шетелге шығарылды. Дегенмен,  ліміздің балық өнеркәсібінің өркендеуі үшін кешенді бағдарлама қабылдайтын кез жеткен секілді.

Мәрлен Тұрсынәлі, Алматы облыстық балық кәсіпорнының өкілі:

 - Балық өсіруді субсидиялау мәселелері, балық өсіру аймақтарын белгілеу++балық шаруашылғына керек тағы дәрі дәрмек осы сауалдарды  да қозғадым. сақтандыру туралы да сұрақтар болды.

Атырау балық өнеркәсібін арналған Премьер-Министр еліміздегі  балық өнеркәсібін дамытуға арналған 9 түрлі тапсырма берді. Үкімет басшысы елімізде балық шаруашылығын дамыту үшін жүйелі шаралары қабылдау қажеттігін атап өтіп, биыл 1 сәуірге дейін ҚР Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының жобасын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ трансшекаралық өзендер мәселесі, ішкі тоғандарды тереңдету жұмыстарын онан әрі жалғастыру секілді сала үшін өте өзекті проблемалар да қамтылды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы