426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Байбек Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

  • 528
  • UPD: 22:53, 27.02.2020

Газ бен балабақша керек. Бұл Қызылорда облысындағы Бірлік ауылының ең өзекті мəселелері. Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесіп, аймақтағы осындай бірқатар түйіткілдерді тыңдады. 

Бірлік ауылында балабақша жоқ емес. Тек өте ескі, əрі тарлық етеді. Бүгінде бұл елдімекенде 100-ден астам бала бөбекжайға кезекте тұр. 

Әліпбек Асанов, Бірлік ауылының тұрғыны:

- Балдар саны көп, симайды. Сол балабақшаны айтып жүріп осы алдында 2 рет жобалық сметалық құжатын дайындағанбыз. Бюджеттен ақша бөлінбей ол қалып қойды. Былтыр тағы бөлінді, енді соған балабақшаны істеп алсақ дейміз. Біздің ең басты сұрағымыз сол. 

Аудан басшылығы биыл ауылда жаңа балабақшаның құрылысы басталады деп уəде берді. Оны мемлекеттік жекеменшік əріптестік бағдарламасы аясында салмақ. Бірліктіктер көгілдір отын мəселесін де көтерді. Ауылдан 15 шақырым жерде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры өтіп жатыр. Соның игілігін көргісі келеді. 

- Қажетті жоба дайын болу керек. Содан өзіңіз бюджеттен ақша бөлсеңіз қанша уақыт кетеді оған?

- Жылдың соңына дейін толық аяқтаймыз.

- Онда келесі жылға соның ақшасын бөлдіру керек. Жалпы 2022-2023 деп тұрған, бірақ 2021 жылы бастап кетсеңіздер жылу маусымының алдында бітіру керек ғой, күзге дейін.

Жергілікті билік 3 мыңға жуық халқы бар Бірлік ауылындағы 400-ге тарта үйді 2021 жылдың соңына дейін көгілдір отынмен қамтуды көздеп отыр. Елдегі газдандыру жұмыстарына қарқын қосуды өткен жылы Елбасы Нұр Отан партиясының съезінде тапсырған болатын. Ол үшін «Құтты мекен» партиялық жобасы әзірленді. 

Партиялықтар Жаңақорған ауданында шаруа қожалығы төрағаларымен де кездесті. Күрішші қауымды субсидия мəселесі толғандырады. Өткен жылы бұл мақсатқа бөлінген қаржы жетпей, 51 шаруашылық 160 миллион теңге қаражаттан қағылып отыр. Бауыржан Байбек мəселені қысқа мерзім ішінде шешуге ықпал жасалатынын айтты. Ал cу мамандары апатты жағдайда тұрған Әйтек су торабының жағдайына алаңдаушылық білдірді. 

Жорабек Нұрымбетов, «Қазсушар» РМК өндірістік учаске басшысы:

- Әйтек су торабы 2004 жылы салынған. Сол қазір 16 жылдай болды су торабының төменгі жағында су жуу процесі орын алған. 250 текше метрге есептелген, ал қыстың күндері ол жерге 500 текше метр су келген. Сондықтан судың екпініне байланысты сондай қалыптасқан деп қазір мамандар шешіп жатыр.

Биыл айтулы су торабы толық жөнделеді. Оған 500 млн теңге бөлінген. Енді мердігер анықталады. Құрылыс барысы партиялық бақылауда болады. Су комитетінің өкілі осылай деді.

- Партиялық бақылауға алу керек. Әйтпесе біреу жеңіп алады да, сосын сырттан келеді, ешқандай жауапкершілік жоқ. Елдің азаматы болса ол әрине халыққа ертең қалай қарайды, дұрыстап істейді, солай ғой? Солай болып жатыр өкінішке орай. Сондықтан мынадай болып қалмасын дегенім ғой, сапасын қараңызшы. Уәде бердіңіз.

Сыр бойылықтар көтерген бірде бір түйіткіл ескерусіз қалмайды. Өңірді дамыту бағдарламасында өзекті деген мәселелер қамтылмақ. Елбасы тапсырмасы бойынша бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы