443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт митингілер өткізудің жаңа заң жобасы: халық талабы қандай

  • 170
  • UPD: 10:03, 28.02.2020

Бейбіт митинг пен жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы дайындалып жатқан жаңа заң жобасы қоғамның демократиялық жолмен дамуына жол ашады.

Сондықтан қазір ол еліміздің барлық өңірінде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай кездесулердің бірі Өскеменде өтті. Дөңгелек үстелге партиялар, қоғамдық бірлестіктер және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен заңгерлер жиналды. Басқосуда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі жаңа заңдағы негізгі өзгерістер туарлы таратып айтып берді. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша митинг мен шерулер өткізу үшін жергілікті атқарушы органдардан 10 күн бұрын жазбаша түрде рұқсат алуы тиіс. Қоғам белсенділері заңның осы бабын өзгерту жөнінде талап қойып келеді. Ал жаңадан қабылданатын заңда осы тектес бірқатар негізі баптарға өзгеріс енбек. Соның бірі – бейбіт минтингілерге қатысатын адамның санына қатысты бап.

Олжас Батырбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы:

– 250-ге жуық адаммен өткізуге болады. Одан көп болса, рұқсат алу қажет. Сол жағынан ұсыныстар бар. Әлі талқылау болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы