432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттің 300-дей тұрғыны қаржы пирамидасының құрбаны болды

  • 318
  • UPD: 10:25, 28.02.2020
Шымкенттің 300-дей тұрғыны қаржы пирамидасының құрбаны болды

Шымкент қаласында қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың ақшасын жымқырған ЖШС басшылары ұсталып, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындарының сеніміне кіріп,500 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған «Гарант 24 ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін салымшыларды алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген «Estate Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталғаны туралы хабарланған еді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған ЖШС-лардан зардап шеккендерді жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуды немесе «102» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы