399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда волонтерлерді қолдау орталығы ашылды

  • 269
  • UPD: 14:51, 28.02.2020

Екі мыңнан астам ерікті фронт-кеңсеге келіп, ақыл-кеңеске жүгіне алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ашылу салтанатына орай волонтерлердің облыстық слеті өтті. Шара барысында үздіктер марапатталды. 

Отставкадағы полиция полковнигі Қалымтай Шерьязданов өмірінің 40 жылын волонтерлікке арнаған жан. Бұл қозғалыстың дамуына сіңірген еңбегі үшін жастар оған «күміс волонтер» құрметті атағын берді. 

Қалымтай Шерьязданов, қала тұрғыны:

– Біздің қатарымызда жүзден аса мекеме, кәсіпорын бар. Екі жүзден аса жеке кәсіпкер бар. Мұқтаж адамдарға көмек көрсетемін. Оның ішінде жасөспірім балаларға көмектесіп келе жатырмыз. Жастармен көп жұмыс атқарып жүрміз.

Көкшетауда волонтерлерді қолдау орталығы ашылды. Бұл жерде қалалық және аудандық ұйымдардың жұмысы реттеледі. Сонымен қатар көмекке мұқтаж жандардың өтініші қабылданады.

Гүлзат Бекбауова, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

– Бұл фронт-кеңседе түрлі брифингтер, семинар-тренингтер, оқу курстары өтеді. Сонымен қатар таңғы 9-дан кешкі 6 жарымға дейін қоңыраулар қабылданады. WhatsApp чат жұмыс істейді. Оған жастарды ғана емес, қарияларды да тартамыз.

Биыл Волонтерлер жылы. Сондықтан мемлекет тарапынан оларға жан-жақты қолдау жасалады. Осыған байланысты облыс әкімі «Қазақстанның волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының төрағасымен меморандумға тұрды.

Ақмола облысында 80-нен астам волонтерлік ұйым тіркелген. Бұл қозғалысқа 2 мың адам мүшелік етеді. Олардың басы слетте қосылып, үздіктер марапатталды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Азамат Қазжанов, Евгений Шинкоренко

Хабар 24 телеарнасы