447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысына жаңа прокурор тағайындалды

  • 142
  • UPD: 13:50, 28.02.2020
Ақмола облысына жаңа прокурор тағайындалды

Бас прокурордың бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының болып аға әділет кеңесшісі Майлыбаев Айдос Серікханұлы тағайындалды.

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар. Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған. Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның департамент бастығы болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014ж.) медалімен марапатталған.

Ақпарат көзі: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы