399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда Жеңімпаздар одағы құрылды

  • 209
Қарағандыда Жеңімпаздар одағы құрылды

Оның құрамына түрлі олимпиадаларда топ жарған, әр салада ғылыми жаңалықтар ашқан үздік мұғалімдер енетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік жобаның таныстырылымы мұғалімдердің республикалық конференциясында өтті. Одаққа кез келген адам өте алады, тек біліктілігін байқату керек. Басты мақсат – ұстаздардың ізденісін оятып, шығармашылығын шыңдау дейді ұйымдастырушылар. Себебі «Педагогтар мәртебесі туралы» жаңа заңға сәйкес, биылдан бастап жаңашыл мұғалімдердің жалақысы көп болады. Бұл күні сондай-ақ білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-25 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Бағдарламаның бір бағыты – оқушылардың сапалы білім алуына, ғылыммен айналысуына жағдай жасау. Ол үшін ең әуелі ауыл мектептерін интернет желісімен қамтамасыз ету керек дейді ұстаздар.

Нұркен Ашықбаев, №23 мектеп директоры:

– Ауыл мен қала деңгейіндегі мектептердің арасындағы алшақтықты жақындату. Мұның біріншісі, сандық жүйені ретке келтіру, интернетті жобаға келтіру. Ал бұл адамдарға көп мүмкіндік береді, яғни ақпаратқа қолжетімділік мүмкіндігі кеңейеді. Ол арқылы балалар дамиды.

Хабар 24 телеарнасы