414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында желтоқсан-ақпан аралығында 177 жол апаты болған

  • 182
  • UPD: 19:31, 28.02.2020
Ақмола облысында желтоқсан-ақпан аралығында 177 жол апаты болған

Жалпы жолдағы жазатайым оқиғалар жиілемесе, азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, Ақмола облысында желтоқсан-ақпан аралығында 177 жол апаты болған. Соның салдарынан 19 адам мерт болып, 300-і түрлі жарақат алды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 69 оқиғаға артық. Полицейлер мұның себебін жол ережелерінің жиі бұзылуымен байланыстырып отыр. Мысалы, 40 апат жылдамдықты асырудан болған. Қолайсыз ауа райының да кесірі бар. Өңірде биыл қар қалың түсіп, бірнеше рет боран, көктайғақ болған.

Әсет Байтеленов, облыстық ЖПҚ бастығының орынбасары

Жүргізуші үнемі тиісті жылдамдықты сақтауы тиіс. Бұл ауа райына байланысты емес. Жол апатына себепкер болған адам міндетті түрде заң бойынша жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы