427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде төрт бірдей кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей отыр

  • 432
  • UPD: 20:44, 28.02.2020
Ақтөбеде төрт бірдей кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей отыр

Олардың еңбеккерлер алдындағы қарызы 61 млн теңгеден асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның арасында мұнай және құрылыспен айналысатын екі кәсіпорын 2018 жылдан бері еңбеккерлеріне көк тиын ұстатпаған. Айлықтарын ала алмай әлек болған азаматтардың шағымы бүгінде құзырлы органдарға жетті. Тексеру жұмыстарын жүргізген еңбек инспекциясының мамандары борышкер компаниялар жалпы саны 161 адамға жалақы төлемегенін айтады.

Жанар Есенғалиева, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы:

- Жалақы қарыздары анықталған төрт мекеме бойынша еңбек инспекторлары мекеме басшыларына нұсқама берді. Сонымен бірге әкімшілік-құқықбұзушылық кодексіне сай айыппұлдар салынды. Сондай-ақ еңбек инспекторларының нұсқамасын орындамағаны үшін материалдар, бұл құжаттардың барлығы да қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында құқыққорғау органдарына жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы