423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада мемқызметшілер мемлекеттік сатып алуды «май шелпекке» айналдырды

  • 364
  • UPD: 09:24, 29.02.2020

Қызылордада мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алуды май шелпекке айналдырып алған. Мәселен, ветеринария, транспорт және спорт саласының ұйымдары жылдық жоспарында тауарлар бағасын нарық бағамынан 4 есеге дейін асырып көрсеткен.

Сондай-ақ облыстағы басқарма, департаменттер тарапынан көрсетілетін қызметке байқау жариялау, баға ұсынысын сұрату және бір көзден алу шартын толтырғанда техникалық қате көп жіберіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары аталған заң бұзушылықтарды дереу анықтап, 13 миллион теңгенің үнемделуіне қол жеткізді. Осы ретте өңірдегі барлық мемлекеттік органдарға сатып алу заңдылығына қатысты ұдайы қоғамдық мониторинг жүргізілетіндігі ескертілді.    

Мұрат Ысқақов, СЖҚІҚА облыстық департаментінің бас маманы:

- Біз анықталған жайттар бойынша, баға ұсыныстары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға, квазисекторға жылдық жоспарын қайта қарау жөнінде ұсыныс бердік. Қазіргі таңда ол орындалу үстінде. Өкінішке орай, қазіргі құқықтық қолданыс практикасында тәртіптік шара көру қарастырылмаған.

Хабар 24 телеарнасы