435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда волонтерлердің аймақтық фронт-офисі ашылды

  • 151
  • UPD: 10:13, 29.02.2020
Павлодарда волонтерлердің аймақтық фронт-офисі ашылды

Бұл республика бойынша  волонтер ұйымдарының басын бір арнаға  топтастыратын екінші алаң болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық фронт-офистің ашылуында Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі атанған  еді. Жалпы еріктілер жасағы осыдан 20 жыл бұрын еліміз бойынша алғаш болып Ертіс өңірінде құрылып, жұмысын бастаған. Содан бері олардың қатары еселеп өсті. Қазір Павлодар облысында 16 мың адам волонтерлықпен айналысады. Олардың ұстанған бағыттары сан алуан. Әсіресе әлеуметтік, оның ішінде инклюзивті салада табысты еңбек етіп жатыр. Белсенді жастар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, жоғалған адамдарды іздестіруде бірінші болып көмекке келеді. Қарттарға қамқорлық, қайырымдылық шаралар, экологиялық акциялар. Павлодардың еріктілеріне ең жауыпты әрі маңызды мәселер сеніп тапсырылады.

Саягүл Серікбекқызы, волонтерлер орталығының жетекшісі:

- Біз осы жылы «Біргеміз Білім», «Сабақтастық», «Үміт», «Қамқорлық», «Асыл мұра», «Таза әлем» сияқты  бағыттар бойынша көптеген жұмыстар атқарамыз. Жалпы біздің өңір менің ойымша ең белсенді волонтерлерге толы деп ойлаймын. Себебі 2018 жылы осы «Мейірімділер клубы» республикада ең үздік болып танылды және де осы өтіп кеткен 2019 жылы біздің белсенді волонтерлер Бекжан Әлішер және де Мақышев Фархат республикада ең үздік волонтер атанған болатын.

Вера Ким,  ұлттық волонтерлер желісінің төрайымы:

- Павлодар облысында негізгі бағыт қамқорлыққа негізделген. Қамқор дегеніміз не? Ол Қарттар үйінде тұрып жатқан адамдарға көмек көрсету. Қиын жағдайға тап болған, тағдыры ауыр жандарға қолдау жасау. Жалғызілікті адамдарға, балалар мен жастарға қамқор болу. Тағы бір бағыт бар. Ол «Білім» деп аталады.  Бұл  жеті бағыттың ішінде Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асатын жалғыз бағыт. Волонтер-оқытушылар ауыл балаларына білім береді.

Хабар 24 телеарнасы