427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар бейбіт жиындарға қатыстырылуы мүмкін

  • 268
  • UPD: 19:16, 29.02.2020
Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар бейбіт жиындарға қатыстырылуы мүмкін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа заң жобасына осындай өзгерту енгізуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар бұған дейін митинг, наразылық шараларында тәртіп бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да қатыса алады. Бұл туралы елордада өткен заңнаманы жетілдіруге байланысты тыңдалымда сөз болды. Енді бейбіт жиынға қатысушылардың саны сараланады. Бастысы, қарапайым азаматтардың құқығы бұзылмауы тиіс. Олардың қауіпсіздігі үшін жиынды арнайы орындарда өткізу қадағаланады.

Марат Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, профессор:

– Үлкен шаруа атқарылды. Мемлекет басшысының алға қойып отырған талаптары осы заңда ескерілгені маңызды. Оның аясында халықты тыңдайтын мемлекет платформасын құруға мүмкіндік туады. Заң жобасын жасауға қатысқандардың барлығы қоғам мен халықтың пікірін ескерді. Бұл жақсы заң болады деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы