443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде екі адам коронавирус белгілеріне тексерілді

  • 296
Өскеменде екі адам коронавирус белгілеріне тексерілді

Мамандардың айтуынша, олар шет елден келгендер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімі баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, азаматтардың бірі Таиландтан, екіншісі Ресей Федерациясынан оралған. Әуежайда олардың дене қызулары жоғарылап, жалпы әлсіздік байқалған. Сондықтан еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай, бұл азаматтар ереже бойынша толық зертханалық тексерістен өтті. Дәрігерлердің сөзінше, жолаушылардан жұқпалы дерт белгілері табылмаған. Сол себепті қазір амбулаториялық жағдайда үйлеріне оқшауланып, ем қабылдауда.

Назигүл Сапарғалиева, облыстың бас инфекционисі:

– Олар тексерілді, тұмаудың жеңіл түрі болып шықты. Басқа шет елден келгеннен кейін шарт бойынша тексереу жұмыстары өткізілген, коронавирус инфекциясы табылған жоқ. Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы