447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі тасқынға қарсы шаралардың барысын тексерді

  • 121
Елорда әкімі тасқынға қарсы шаралардың барысын тексерді astana.gov.kz

Елордада су тасқынына қарсы сақтық шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлады astana.gov.kz.

Арықтарды, нөсер суына арналған кәріз жүйелерін тазарту, өзен арнасын қайта жаңарту және су реттегіш бөгет салу жұмыстары жалғасын табуда. Елорда әкімі Алтай Көлгінов су тасқыны қаупі бар ауданды қорғайтын үйінді бөгет салу жұмыстарының барысын тексерді.

– Үйінді бөгет салып, оны нығайту Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ғана емес, Көктал елді мекені мен ол жерге жақын орналасқан үйлерді тасқыннан қорғауға мүмкіндік береді. Дамбаны биіктетіп, Есіл өзенінің арнасын түзету қажет. Өзен арнасын түзелеу жұмыстары келген суды жаңа арна арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде жеке секторды қауіпсіздендіреді, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Сонымен қатар су реттегіштің жұмыс режимі бекітілді. Майбалық көлінен Нұра-Есіл каналына дейінгі арнаның өткізу қабілеті артады. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысты барлық сауал бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:  «Сарыарқа» ауданы: 8-778-710-91-00,  «Байқоңыр ауданы: 8-702-348-82-88, 8-701-999-22-89, «Алматы» ауданы: 8-707-795-13-88. Железодорожный, Промышленный елді мекендері: 8-778-669-97-70, қосымша тел. 8-707-878-11-31, 8-701-407-80-52. Мичурино, Күйгенжар, Интернациональный: 8-707-588-72-27, қосымша тел. 8-701-715-62-30. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы бойынша: 8-702-4444-52-99, қосымша тел. 8-702-905-59-95, 8-777-077-77-89. «Есіл» ауданы: 8-701-121-25-35 («Пригородный», «Заречный», «Тельмано»),8-778-176-31-11 («Үркер», «Восточная Ильинка»).

Хабар 24 телеарнасы