423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алғыс айту күні Сыр өңірінде аталып өтті

  • 1064
  • UPD: 14:09, 01.03.2020
Алғыс айту күні Сыр өңірінде аталып өтті

Өткен ғасырдың 30-40 жылдары жаппай Қазақстанға жер аударылған сан алуан этностың бір шоғыры Қызылорда облысының Қазалы ауданында қоныстанып, тамырын тереңге жайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен қабат келген мәдени шара 13 этнос өкілі тату тəтті өмір сүріп жатқан осы Қазалыда өтуде. Тарихты танып, құндылықтарды қастерлеп, бірлікті нығайту. Иә, Алғыс айту күнінің түп төркіні осындай игі бастамалардан құрылғаны анық. Бірнеше ұлыстың өнерін бір сахнада тоғысты. Бұл да осы елде тамыр жайған талай ұлттың қазақ халқына деген алғаусыз алғысы, ыстық ықыласы болса керек. Хәкім Абайдың өміршең өлеңдерін өмірлік өнеге еткен өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соның бірі – Наталия Баркова «Көзімнің қарасы» әнін орындып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Наталия Баркова, Әйтеке би кентінің тұрғыны:

- Әрине, ұлы Абайдың қара сөздері, өлеңдері, әндері, күйлері терең мағынаға ие. Мен өзім қазақ мектебінде оқығанмын. Қазақ тілін жетік меңгердім. Сондықтан қазақ әндерін айтқанды ұнатамын. Осындай достыққа берік қазақ халқына деген алғысымды өнеріммен жеткізгім келді. Ұстаздық қызметте де жақсы жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына үлес қоса беремін. Мереке құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы