424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісулықтар «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды

  • 665
  • UPD: 13:43, 01.03.2020
Жетісулықтар «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды

Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезеңде Жетісу жеріне 1 миллионнан аса адам күштеп қоныс аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата жұртынан алыстап, жат жерге көшірілгендердің қатарында шешен, неміс, кәріс, түрік, балқар, әзербайжандар мен кәрістер бар. Қазақ халқының бауырына басып, көрсеткен қамқорлығының арқасында аман қалғандар бүгінде Алматы облысының аумағында берекелі ғұмыр кешіп келеді. Алғыс айту күніне орай әртүрлі ұлт өкілі Қаратал ауданы Бастөбе ауылындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Ерекше монументті 2012 жылы кәріс этномәдени бірлестігі орнатқан болатын. Содан бері көпшілік жыл сайын осы тарихи жерге барып тағзым етеді. Өткенді ой елегінен өткізіп, бейбітшілікті пен бірлікті насихаттайды.

Виктор Пак, Қаратал ауданының тұрғыны:

- Біздің әкеміз мен анамыз осында келген. Қазақтың отбасы көмектесті, нан берді, сүт берді , құрт берді. Үй берді. Қазақтың халқына мың алғыс. Қазақ еліне рахмет.

Хабар 24 телеарнасы