420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз аграрлы салада белгілі зауыттармен меморандумға қол қойды

  • 439
  • UPD: 22:43, 01.03.2020
Еліміз аграрлы салада белгілі зауыттармен меморандумға қол қойды

Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен дүние жүзіне белгілі 3 зауыт арасында меморандум бекіді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған республикалық семинардың аясында тиісті құжаттарға қол қойылды. Нәтижесінде әлемге әйгілі өндіріс орындары біздің шаруалармен етене жұмыс істейді. Техникаларын ұсынады.

Жалпы қазір ауыл шаруашылығында білім тарату жүйесін дамыту өзекті болып тұр. Біріншіден тауар өндірушілердің біліктілігін арттыру керек. Екіншіден, ғалымдардың жаңалығын өндірістерге жылдам енгізу қажет. Агро салада жүргендердің тілек-өтінішін мемлекеттік органдарға, техника шығаратын зауыт, тыңайтқыш өндіретін кәсіпорындарға жеткізу де аса маңызды. Мұның барлығы осы семинар барысында талқыланды. Жиынға 200-ден аса сала мамандары қатысып, өздеріне қажетті ақпарат алды.

Төлеутай Рахымбеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Қандай талаптары бар мысалы тауар өндірушілердің, тыңайтқыштың қандай түрі керек? Техниканың қандай параметрлері болуы керек. Осы сұранысты, осы талаптарды қандай мерзімде жеткізеді. Бүгін семинар жаңа технологиялар ауыл шаруашылығына тірек болады деген тақырыпта өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы