447,94 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада зейнеткерлерге тегін нан таратылды

  • 139
  • UPD: 21:19, 01.03.2020
Елордада зейнеткерлерге тегін нан таратылды blogspot.com

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай елордадағы «Шапағат» коммуналдық базарында 200 бөлке нан тегін таратылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгінгі акция аясында зейнеткерлер мен көп балалы аналарға 200-ден аса бөлке нанды тегін тараттық. Мұндай акцияны біз әр аптаның жексенбі күндері өткізіп тұруға тырысамыз», – деді «Шапағат» коммуналдық базарының директоры Қаршыға Байбосынов.

Директордың айтуынша, енді осындай шара 21-22 наурыз күндері өткізіледі деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы