432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада инватакси көлігінің саны артты

  • 458
  • UPD: 22:10, 01.03.2020
Астанада инватакси көлігінің саны артты

Елордада инватакси көлігінің саны артып, мүмкіндігі шектеулі балаларға кресло-арба сыйға тартылды. Демеушілік қаражат есебінен 10 арнайы машина сатып алынды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Қайрат Боранбаев - еліміздің жетекші меценаттардың бірі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауға көмектесіп, инватакси машинасын сатып алуға ниет білдірді. Бұл машиналар соңғы әлемдік стандарттарға сай жабдықталған және бейімделген», - дейді «Алмалы» АА вице-президенті Бақыт Сапаров.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысушыларды Алғыс күнімен құттықтап, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау үшін қандай шаралар қабылданатынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы