443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикалық тыңдармандар Димашты өз еліне шақырды

  • 197
  • UPD: 22:29, 01.03.2020
Мексикалық тыңдармандар Димашты өз еліне шақырды

Димаш Құдайбергеннің мексикалық тыңдармандары оны өз еліне шақырды.

Бұл туралы Димаштың әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Instagram парақшасында жариялады.

«Мексикалық тыңдармандар Димашқа сәлем жолдап, елдеріне шақыруда. Ықыластарыңыз үшін көп рахмет, dears!», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Мексикалық жанкүйерлер сүйікті әншісіне арнаған видеосын ерекше етіп түсірген. Олар қаладағы ең әдемі орынды таңдап, Димаштың суреті бейнеленген арнайы плакаттар, баннерлер дайындаған. Сөйтіп, қолына Қазақстанның туын ұстап, әншіні Мексикаға келіп, концерт өткізуге әнмен шақырады.

«Латын Америкасындағы тыңдармандарым маған жып-жылы видео жолдапты. Мені қалай қолдайтындарыңызды білем. Жақын арада қауышамыз деген үміттемін. Шақырғандарыңыз үшін көп рахмет. Өте риза болдым», - деп алғыс білдірді Instagram парақшасында Димаш.

Хабар 24 телеарнасы