435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы бірыңғай байланыс орталығына 9 мың шағым түскен

  • 110
  • UPD: 08:36, 02.03.2020
Қарағандыдағы бірыңғай байланыс орталығына 9 мың шағым түскен syktsu.ru

Қарағандыдағы бірыңғай байланыс орталығына тек үш ай ішінде 9 мың адамнан арыз-шағым түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың басым көпшілігі қардың дер кезінде тазаланбайтынына, қоқыстың уақытылы шығарылмайтынына және пәтер иелері кооперативінің жұмысына наразы. Ашылғанына аз ғана болған бұл орталыққа ұялы және қалалық телефоннан 109 номері бойынша қоңырау шалуға болады. Жаңа жүйеге 60-тан астам мемлекеттік мекеме қосылған. Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы да өтініш тастай аласыз. Тәулік бойы жұмыс жасайтын орталық операторлары қала тұрғындарының коммуналдық мәселелерге, медициналық қызметке, білім беру сапасына, қоғамдық көлік жұмысына қатысты өтініш-тілектерін қабылдап, оның шешілуіне ықпал етеді. Келешекте олар облыстың барлық аумағын қамтуды жоспарлап отыр. 

Мақпал Аманжолова, орталық директорының орынбасары:

– Өтініштерді қабылдау жолдарын ыңғайлы ету және автоматтандыру үшін ашылған орталық. Яғни, адамдар мемлекеттік органдарға барып жүрмей, өтініштерін қағаз жүзінде жазбай-ақ, бәрі біздің жүйеде автоматты түрде сақтандырылады. Анықтамалық сұрақтар келіп түссе, яғни жолдың ашық-жабығы, сабақтың болу-болмауы сынды сұрақтарға операторлар тез жауап бере алады. Ал келіп түскен өтінішті қарастыру мемлекеттік органға жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы