420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде ТМД бойынша бірінші орын алды

  • 1156
  • UPD: 11:19, 02.03.2020
Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде ТМД бойынша бірінші орын алды

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2019 жылы әлемдік экономика 2,4%-ға дейін төмендеді, оның басты себептері елдер арасындағы сауда қақтығыстары, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдай.

Мемлекеттегі бейбіт жағдай және басқа елдермен қарым-қатынастар экономиканың және тұтастай елдің дамуында маңызды рөл атқарады.

Әлемдік бейбітшілік индексіне сәйкес, ең қауіпсіз жағдайда өмір сүретін елдер – Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия және Дания. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия кіреді. Жалпы рейтингте 163 ел бар.

Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен және Ирак өмір сүру үшін ең қауіпті елдер болып табылады. Айта кету керек, Ресей де қауіпті он елдің қатарына кіреді, деп мәлімдеді ranking.kz.

Қазақстан қауіпсіздік деңгейі жоғары елдер тізіміне еніп, бұл рейтингте 64-ші орынға ие болды.

Ал ТМД елдері арасында Қазақстан қауіпсіздік жағынан бірінші орынға жайғасты. Молдова мен Қырғызстан да үздік үштікке кірді, жаһандық рейтингте олар 68 және 95 орындарды иеленді.

Хабар 24 телеарнасы