424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупі бар

  • 565
  • UPD: 18:24, 02.03.2020
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупі бар

Шығыс Қазақстан облысында апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуына байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін. «Алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан 2-9 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. Себебі биыл жауған қар мөлшері нормадан көп. Өткен аптаның соңында «Казселезащита» мамандары Өскемен-Таулы Үлбі-Северное жолының екі учаскесінде және Өскемен-Алтай тас жолының үш учаскесінде профилактикалық көшкін жүргізді. Соның нәтижесінде 16700 текше метр қар түскен», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, көшкін қаупі жоғары таулы жерлерге бармауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы