439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядан елге оралуға ниет білдірген қазақстандықтардың саны артып келеді

  • 161
  • UPD: 19:56, 02.03.2020

Коронавирус індеті өршіген Оңтүстік Кореядан елге оралуға ниет білдірген қазақстандықтардың саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, екі ел арасындағы әуе рейстерінің саны қысқарғандықтан, осы айдағы Сеул – Нұр-Сұлтан және Сеул – Алматы бағдарларына барлық билеттер сатылып кеткен.

Қарағандылық Максим Вагнер елге оралатын күнді асыға күтіп жүр. Ол Кореяда автөліктердге қосалқы бөлшектер жеткізетін компания ашқан. Жұмыс бабымен жылына бірнеше рет Қазақстанға қатынап тұрады. Коронавирус оның кәсібіне айтарлықтай шығын келтіріп отыр. Себебі, рейстері бірнеше рет кейінге шегіріліп, ісі тоқтап тұр.

Максим Вагнер, кәсіпкер:

Рейстерді қысқартудың қажеті болған жоқ. Өйткені елге ораламын деген адамдар әйтеуір бір амалын табады. Ал осында қалса, ауруды жұқтырып алуы мүмкін.

Максим елге оралған соң каратинге алатынына еш алаңдамайды. Вирус анықталмаған жағдайда да өзін оқшаулап, жақындарынан бөлек тұруға әзір. Тіпті туыстарына хабарласып, өзіне қажетті азық-түлік алып қоюларын да өтінген.

Максим Вагнер, кәсіпкер:

Карантинге орналастырса, қарсы болмаймын. Өз үйімде тұрсам, жақындар мен балаларыма ауру жұқтыруым мүмкін.

Вирустан туризм саласы да шығынға батып отыр. Қазақстанға баруды жоспарлаған 500-ден аса адам жолынан қалды.

Ли Кан Хи, туристік компанияның директоры:

- Қазақстан Үкіметі карантин туралы алдын ала жариялап, нақты ережелерін белгілегенде бізге жеңіл болар еді. Қазір туристік маусымның қызып тұрған кезі. Қаңтардан наурыз айына дейін елдеріңізде қалың қар жауады, сол себептен Оңтүстік Корея тұрғындары Шымбұлаққа шаңғы тебуге барғанды ұнатады.

Қазақстан елшілігі Кореяда тұрып жатқан отандастарымызды консулдық тіркеуге тұруға шақырған. Осы уақытқа дейін бір жарым мыңдай адам тіркелген. Алайда, Сыртқы істер министрілігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда әлі 35 мыңдай азаматымыз бар. Наурыз айындағы рейстерге екі мыңнан аса адам билет сатып алған. Алайда, ұшақтарда бәріне орын жетпейтіндіктен, кейбіреуі өзге елдер арқылы отанына оралатын түрі бар.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы