418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы 100-ден астам елді мекенге қарғын суы кіру қаупі бар

  • 301
  • UPD: 20:15, 02.03.2020
ШҚО-дағы 100-ден астам елді мекенге қарғын суы кіру қаупі бар

Шығыс Қазақстанда тасқынға қарсы шаралар күн сайын пысықталуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде биыл қар ерекше көп. Ал күн райы болса, жылынып келеді. Облыста жалпы 100-ден астам елді мекенге қарғын суы кіру қаупі бар. «Сондықтан сақтық жоғары», - дейді төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері. Ауыл аймақтан 600 мың текше метрден астам қар шығарылды. Су арналары мен арықтар тазалануда. Өзен жағалары бекітіліп, бөгеттер биіктетіліп жатыр. 290 бірлік мотопомпо мен 1 мыңнан астам көлік дайындалды. Олардың арасында өткен жылдың соңында сатып алынған жол талғамайтын Шерп көлігі мен қарда жүретін бірнеше транспорт бар. Сонымен қатар таудағы қардың еруі мен су деңгейіндегі өзгерістерге мониторинг жүргізілуде. Өзендердегі мұз көбесін сөгу жұмыстарын іске асыру үшін 150 миллион теңге бөлініп отыр. Тасқынды болдырмау мақсатында еріген қар суын жинайтын орындар да жасалды.

Дмитрий Титов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Өткен жылы Шүлбі су қоймасындағы жағдайды білеміз. Салдарынан Семейдің шеткі аймағын су басқан болатын. Биыл ол жақта еріген қар суы жиналатын 620 миллион текше метр сыйымдылықта орын дайындалды. Дәл сол сияқты шаруа Бұқтырма маңында.да атқарылды. Онда 10миллиард текше метр су сыяды.

Хабар 24 телеарнасы