425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Медициналық маска тапшылығы: тілші жүргізген тергеу

  • 918
  • UPD: 09:00, 03.03.2020

Алматыда медициналық бетперде әлі де тапшы. Тіпті қаладағы ірі дәріханаларда олардың бағасы күннен күнге қымбаттап барады. Осыдан бірнеше күн бұрын біздің тілшілер қаладағы бірнеше дәріханаларды аралап көрген еді. Бірақ содан бері әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Бүгін де әріптестеріміз бетперделердің бағасын анықтап көрді. Қазіргі кезде коронавирустан сақтанудың бір жолы осы берперделер деп есептейтін халық оның әртүрлі бағамен сатылып жатқанын айтады. Тіпті қала орталығында орналасқан дәріханалардың көпшілігінде ол мүлдем болмай шықты.

- Маска бар ма?

- Маска ана төртінші бөлімде.

- Қаншадан негізі? 85 тен ғой деймін. Марлевый ғана қалды маска.

- Кешіріңіз, маска қаншадан?

- Маска ана кассада. Кәдімгі маска ма кішкентай?

- Марлевый маска бар сосын фильтрімен, клапанмен. 1250 теңгеден. 

- Скажите масочка есть у вас?

- Нет масок нету.

- Будут в ближайшее время?

Хабар 24 телеарнасы