424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда өсірілген балықтың ұзындығы 2,2 метр болады

  • 792
  • UPD: 09:43, 03.03.2020

Атырау балық өсірушілері үшін биылғы маусым сәтті басталды. Кеше тартымның алғашқы күні Жайық-Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауытының мамандары салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр бекіре тұқымдастарына жататын қорытпа балығын шығарды.

Балық өсірушілер осындай аналықтың жоқтығынан өткен екі жылда қорытпа шабағын өсіре алмай келген еді. Енді сол олқылықтың орыны толатындай.

Естеріңізіге сала кетсек, Атыраудағы бекіре шабақтарын қолдан өсіретін екі зауыт жылына 7 млн дана шабақ шығарады. Оның ішінде орыс бекіресі, шоқыр, пілмай, сүйрік және қорытпа балықтары да бар. Мамандар алып балықтың бойында 25 келіден астам уылдырық бар дегенді айтады. Ол арнайы тоғанға жіберіліп, бағымға алынды.

Ғилыман Сәрсемәлиев, бекіре зауытының директоры:

- Салмағына шақсақ, шамамен 1 млнға жуық уылдырық аламыз, бұйырса. Шабағы сол 50-600 мыңның шамасында деп есептеп отырмыз. Әлі ертерек. Күн салқын. Су салқындау, өзінің уылдырық шашатын температурасы келген кезде шамамен сәуір айының ортасына  қарай тұқым аламыз.

Хабар 24 телеарнасы