424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай игі істер марафоны басталды

  • 488
  • UPD: 13:15, 03.03.2020

Шаһардағы жоғарғы оқу орнының студенттері мен волонтерлері көмекке мұқтаж соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолұшын созуда.

Бүгін жастар мәңгілік алау басына жиналып, гүл шоқтарын қойды. Соғысқа аттанып, жат жерде қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа оңтүстік өңірден 140 мың сарбаз қатысқан. Олардың 51-і Кеңес Одағының батыры атағын алса, 8 жауынгер «Даңқ» орденімен марапатталды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлердің барлығының есімі гранит тасқа қашап жазылған. Өйткені олардың ерлігі болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

Айта кетейік, игі істер марафоны мамыр айына дейін жалғасады және оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

Заманбек Орынбеков, жастар орталығының директоры:

- Сонымен қатар қайырымдылық іс-шаралар өтеді. Балалар үйі, ардагерлер үйі, студенттердің қатысуымен 75 күннің ішінде 75 іс-шара жүзеге асатын болады. Соғыстың қандай деңгейде болғанын, оның маңыздылығын көбісі түсіне бермейді.

Хабар 24 телеарнасы