425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанайда компания тұрғындардың жылу ақысын артығымен есептеген

  • 352
  • UPD: 12:44, 03.03.2020
Қостанайда компания тұрғындардың жылу ақысын артығымен есептеген

Қостанайлықтар қаланы жылумен қамтитын мекеменің жұмысына наразы.

Айтуларынша, компания қыс бойы тұтынылған жылудың құнын артық есептеген. Кей тұрғындардың екі бөлмелі пәтер үшін ай сайынғы төлемі 35 мың теңгеден асып түскен. Ал шаһар бойынша орташа баға 7-9 мың теңге көлемінде. Тұрғындар шағымына сәйкес Табиғи монополияларды реттеу департаменті тексеріс жұмыстарына кірісті. Әзірге қаладағы екі көпқабатты баспананың тұрғындары түбіртектерде неліктен қыруар сома жазылғанын түсінбей дал болып отыр.   

Ақан Ташпанов, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Біз әр тұрғын үйді тексереміз. Жылудың ақысы есептегіш құралдардың мәліметіне сүйене отырып белгіленеді ғой. Сондықтан жылу пәтерге қандай температурада жеткізілді? Қызмет көрсетуші компания біз бекіткен тарифті қолданды ма дегендей. Егер заң бұзушылықтар расталса, онда жылумен қамтамасыз етуші мекеме 4 миллион теңгеден аса айыппұл төлеп, тұрғындармен қайта есептеу жүргізуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы