439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-қырғыз шекарасында жанармай тасымалданған жерасты құбыры анықталды

  • 213
  • UPD: 15:29, 03.03.2020
Қазақ-қырғыз шекарасында жанармай тасымалданған жерасты құбыры анықталды

Қазақстан шекарашылары жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралін анықтады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластикалық құбырды анықтады. Құбырдың бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз отын тасымалдауға арналған, жіті жасырылған жерасты магистралі болуы ықтимал», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы