447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: бірқатар салаға жүзден астам маман жетіспейді

  • 129
  • UPD: 16:04, 03.03.2020
ШҚО: бірқатар салаға жүзден астам маман жетіспейді

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында маман тапшылығы сезіліп отыр. Бір ғана Аягөз ауданының өзінде әртүрлі салаларға 100-ге жуық маман керек. Бұл ретте атқамінерлер биыл жоғарғы оқу орнын бітіретін түлектермен арнайы кездесу өткізіп, ауылға шақырды.

Басқосуға 200-ге жуық жас қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Кездесу барысында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аудандық орталық аурухана, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдері, мәдениет үйі және ветеринариялық қызмет саласының өкілдері қатысты. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 30 маманға үй алуға жеңілдетілген несие және көтермеақы беруге республикалық бюджеттен 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінгенін айта кету керек.  

Тоғжан Юсупжанқызы, студент:

- Магистратураны бітірген соң өзімнің мамандығым бойынша жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеуде өзімнің барынша үлесімді қосамын деп ойлаймын. Негізі осы уақытқа дейін көбінің ойында қалада қалу болатын, сосын қазіргі таңда «Дипломмен ауылға» жобасы бұрыннан бар ғой, сол жобаларды көре келе түсіне келе қазір жастар көбіне ауылға қарай жоспарлап отыр. 

Ділдәбек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі:

- Ең біріншіден, ұстаздар, мұғалімдердің тапшылығы қатты байқалып жатыр. Себебі, қазір жастардың көбі ауылға барғысы келмейді. Бүгінгі таңда біздің ауданымызда 43 мұғалім жетіспейді. Оның ішінде ағылшын, орыс тілі, физика-математика, химия факультеттері бойынша, осы пәндер бойынша жетіспеушілік байқалып жатыр. Мұнан басқа ауыл шаруашылығы саласына 10-нан астам маман жетіспей жатыр. Одан басқа 5 дәрігер керек болып тұр. Жастар өте белсенді, өте көп сұрақтар қойылып жатыр. Себебі біз оларға бірінші кезекте баспана керек екен. Егер біз баспана мәселесін шешіп берсек, олардың бәрі барғысы келіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы