445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

  • 125
  • UPD: 15:37, 03.03.2020
Таразда «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

Таразда «Бақытты отбасы» ресурстық орталығы ашылды. Онда қоғамның әлеуметтік әлжуаз топтарына кешенді көмек түрлері көрсетіледі.

Жаңа орталық 4 бағытта жұмыс істейді.  Тұрғындарға  тегін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсетіледі. Сонымен қатар бес мамандық бойынша білім алуға жағдай жасалған. Курсқа қатысушылар әрі қарай жұмыспен қамтылатын болады. Орталықты ашудың негізгі мақсаты әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен көп балалы аналарға жан -жақты қолдау көрсету болып отыр.  «Бақытты отбасы» ресурстық  орталығын құруға жергілікті бюджеттен 11 миллион теңге қаржы бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы