411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Котёл» мен «Черная касса» ойындарына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

  • 218
  • UPD: 20:31, 03.03.2020
Петропавлда «Котёл» мен «Черная касса» ойындарына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Оңай олжаға кенелмек болған әйелдер 14 мың 300 теңгеден салып, әлеуметтік желідегі топқа кірген дейді полицейлер.

Олардың қатарында 60 жастағы зейнеткер де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, Қазақстанда бұл ойындар ақпан айында кеңінен тарап, көптеген адам салған ақшасын қайтара алмай қалған болатын. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілерді іздеп табу өте өиын. Өйткені олар әлеуметтік желідегі ізін тез суытады.

Жұлдыз Мұхамадиева, қалалық ПБ аға тергеушісі:

– Ойынға қатысқан адам 14 мың 300 теңге ақша салып, өзінің атынан тағы 2 адам әкеліп, топқа кірген. Ол өзіне керекті адамдар санын жинағаннан кейін өзі топтан шығып кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы