412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда бетперде шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады

  • 287
  • UPD: 07:48, 04.03.2020
Қарағандыда бетперде шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады

Қарағандыда алдағы бірер күнде бетперде және медициналық халат шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оның өндірістік қуаты облыс сұранысын толық қамтуға жеткілікті», - дейді журналистермен өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Қазір өңірде короновирусқа қарсы шараларды кешенді түрде жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылған. Дәрігерлерге қауіпті індет тіркелген жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі үйретілді. Ал дәрі-дәрмек пен медициналық керек-жарақ алу үшін республикалық бюджеттен қосымша 39 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұған қоса, аймақтағы емдеу мекемелері жанынан 400 орындық арнайы госпиталь дайындалды. Оған бірінші кезекте Қытайдан келгендер карантинге жатқызылмақ.

Жанар Беркімбаева, Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд эпидемиалогиялық қадағалау бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда алдында айтып кеткендей, Қытайдан 81 адам келді дедік қой. Солардың барлығы 14 күн қадағалаудан өтіп, мониторинг жүргіземіз ғой, сол мониторингтен барлығы шығарылды. 14 күнде, кейін 10 күнде. Олардың жағдайлары жақсы, ешқандай шағым болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы