425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО арнайы нұсқау берілгенде ашылады

  • 524
  • UPD: 08:02, 04.03.2020
Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО арнайы нұсқау берілгенде ашылады

Алматы облысындағы «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арнайы нұсқау берілгенде ғана ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, оғанға дейін бекет ешқандай қызмет көрсетпейді.

Айта кетейік, жылына бір милионнан аса адам баратын орталық қаңтар айының 22-сінде жабылған болатын. Содан бері қайта ашу мерзімі кейінге шегеріліп келеді. Бұндай қауіпсіздік шарасы короновирустың алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Осы індетке байланысты өңірдегі Қалжат, Алтынкөл жол, Нұр жолы, Алакөл, Темір жол өткізу пункттерінде де сақтық шаралары күшейтілген. Мамандармен қатар көлік жүргізушілері де қатаң тексерістен өткізіледі. «Қорғас» кеден бекеті жабық тұрған кезде нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Тұрғындардың сын-пікірін ескере отырып, залда толығымен модернизация жасалатын болады. Ол жерде темір қалқалар болатын. Оның барлығы алынып тасталып, халықаралық тенденцияны ескере отырып, заманауи зал жасалатын болады. Осы арқылы өткелдегі адамдардың келекте ешбір кедергісіз өтуіне жағдай тудырамыз.

Хабар 24 телеарнасы