423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Білім беру мекемелерінде мерекелік іс-шараларға көп адам жинамау қажет

  • 535
  • UPD: 09:23, 04.03.2020
Білім беру мекемелерінде мерекелік іс-шараларға көп адам жинамау қажет

Елордадағы білім беру мекемелерінде Халықаралық әйелдер күніне жоспарланған мерекелік шараларға балалардың көптеп келуін шектеу керек.

Мақсат – жіті респираторлы вирустық инфекция мен тұмаудың алдын алу. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Шектеу балабақша, мектеп және колледждерге қатысты. Білім беру басқармасының өкілдері тәрбие ошақтарындағы ертеңгіліктерге сақтық мақсатында ата-аналар шақырылмайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы