448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Әзербайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылады

  • 160
  • UPD: 10:04, 04.03.2020
Елімізде Әзербайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылады

Қазақстанда коронавирус таралуының алдын алу мақсатында 5 наурыздан бастап Әзербайжан мен Ираннан келетін адамдар мен автокөлік құралдарын жүргізушілермен тасымалдайтын теңіз кемелеріне Ақтау және Құрық порттарында қызмет көрсету уақытша тоқтатылады.

Шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерден шығуға шектеу қойылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық кеме экипаждарының мүшелері порттарда ауысқан кезде оларға бақылауды күшейтетін болады.

Қабылданатын шаралар туралы ақпарат Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшіліктеріне жеткізіледі.

Ақпарат көзі: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы