432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы әзірленіп жатыр

  • 494
  • UPD: 16:00, 04.03.2020

Жыл сайын елімізде 400-ден аса әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демек, әрбір үшінші қылмыс әйелдерге қарсы жасалған. Дәл қазір Мәжілістің жалпы отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы әзірленіп жатыр.

Қазақстандық әйелдердің 15%-і күйеуінің өзіне қол көтеруге хақы бар деп есептейді. Ал ауылдық жерлерде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, алдын алу және талапты күшейтуге қарамастан мәселе өзекті күйде қалып отыр. Тұрмыстық-отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін қоғамдық бақылау органы құрылады. Заң жобасының қорытындысы қыркүйектің 23-і дайын болады.

Айта кетейік, елімізде 31 дағдарыс орталығы бар. Жалпы Мәжіліс отырысында 6 тақырып жоспарланған. Оның бірі ана мен бала өмірін қорғау бойынша Қазақстандағы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қорытындыланады. Құжат Мәжіліс қарауына 13 ақпанда кеп түсті. Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген. Ол террорлық оқиғадан зардап шеккен балаларды елге қайтару, қорғауға бағытталған. Айтпақшы, оның негізінде 8-ден көп балаға жәрдемақы төлеуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар бүгін халық саулығы және денсаулық сақтау жүйесі бойынша заң жобасы тыңдалады.

Хабар 24 телеарнасы