424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда заңсыз ақша айналымын жүргізген қылмыстық топ ұсталды

  • 968
  • UPD: 15:08, 04.03.2020
Алматыда заңсыз ақша айналымын жүргізген қылмыстық топ ұсталды

Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында құқыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асырған қылмыстық топты анықтады. Тергеу жұмыстары барысында ҰҚТ мүшелерінің 2019 жылғы наурыз айынан қазіргі уақытта дейін іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды тиеп-жүктемей шот-фактураларды ресімдеу жолымен заңсыз ақша қаражатын 15-тен аса жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қолға айналдырғаны белгілі болды. Салық төлемей мемлекетке келтірілген залал көлемі шамамен 3 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Тінту жүргізу барысында мөр, ноутбук, принтер, бухгалтерлік құжаттама және жаңа жасалған шарттардың жобалары алынды», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҰҚТ ұйымдастырушыларын қамауда ұстау түріндегі жолын кесу шарасы қолданылды. ҚР ҚК 216-бабына сәйкес іс жүзінде жұмыстарды орындамай шот-фактураларды рәсімдеу әрекетін жасағаны үшін мүлкін тәркілеп мерзімі 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы