427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирусқа шалдыққан Қытай азаматтары бар екені туралы ақпарат жалған

  • 416
  • UPD: 20:45, 04.03.2020

Алматыда коронавирус ауруына шалдыққан Қытай азаматтары бар деген қауесеттің таралуына ешқандай негіз жоқ. Қазіргі уақытқа дейін бұл індет жұқтырған бір де бір адам анықталған жоқ.

Бұл жөнінде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Қазір қалалық провизиялық көп салалы стационарда 131 адам дәрігерлердің қатаң қадағалауында жатыр. Олар негізінен Қытай, Иран мен Моңғолия азаматтары. Жалпы коронавирус тараған елдерден келгендер 14 күн карантинде болып, бақылауға алынады. Бұл елдердің қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Италия мен Иран бар. Ал Қытаймен әуе қатынасы уақытша тоқтатылған.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Кеше 12 адам осы стационардан шығарылған болатын. Олардың 13 күннің ішінде бойларында ешқандай аурулары жоқ екені дәлелденді. Анализдерінде ешқандай инфекцияның дәлелі жоқ екендігі анықталды. Бүгінігі күні тағы 12 адам осы стационардан шығарылғалы отыр. Сіздерге мен ақпаратты жеткізгім келеді. Ешқандай ауырған адам біздің Алматы қаласында анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы